деп хабарлайды qatarsailing.org сайты.
Екінші орынға Бруней елінің өкілі Абдулла Жанахи қол жеткізсе, үздік үштікті тағы бір біздің жерлесіміз Владимир Чанкин түйіндеді.
«Катар регатасы» жарысында Руслан Жанғазовтың қызы Карина қатысып, оның да үлкен жетістіктерге қол жеткізгендігін атап өтуге болады. Ол «Лазер радиал» сынында ең үздік ондықтың қатарына еніп, 9-орынға ие болды. Одан екі саты жоғары қазақстандық яхташы Бағдат Еселов жайғасқан.
Руслан мен Карина Жанғазовтар қазан айының басында Қазақстан біріншілігін ұтып, «Катар регатасына» арналған жолдаманы иеленген еді. Енді олар Австралияда өтетін Әлем чемпионатына аттанады. Әлем додасында олар кем дегенде Олимпиада жолдамасын жеңіп алуды мақсат тұтып отыр.