Қазақстандық Ярослава Шведова екінші кезеңде италиялық Роберта Винчимен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті - 7:5, 6:2. Әлемнің 15-ші ракеткасына қарсы өткен кездесу 1 сағат, 13 минутқа созылды.
Ярослава енді турнирдің үшінші айналымында әлемнің бесінші ракеткасы румыниялық Симона Халеппен кездеседі, Лондон Олимпиадасында Шведова оны бірінші айналымда жеңген болатын.
Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан аталмыш турнирдің жүлдеқоры 2 589000 АҚШ долларын құрайды.