Қазақстандық Я.Шведова - Г.Воскобоева жұбы ресейлік теннисші қыздармен сайысқа түседі

27 жастағы Воскобоева мен 24 жастағы Шведова ресейлік теннисші қыздар Мария Кириленко және (25 жаста) Надежда Петровамен (30 жас) бақталастыққа түседі.

Қазақстандық теннисші қыздар бірінші айналымда канадалық Стефани Дюбуа мен Александра Вознякті жеңіп, 6:2, 6:0 есебімен басып озды. Ал ресейлік спортшы қыздар 6:7 есебімен Клаудия Янс және Алисия Росольсканың алдын орап кетті.

Айта кетейік, Я. Шведова біріншілік разрядында екінші айналымға өтті, ал Г. Воскобоева әріптесінің сәтті қадамын қайталай алмады.

Қазақстандық және ресейлік спортшы қыздар арасында матч Астана уақыты бойынша шамамен сағат 22.30-да өтеді.