Онда Қазақстанның әйелдер құрамасынан Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы алғаш рет Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Олардың командалас серіктері Инна Рахматулина мен Людмила Исаева 23 жұптың арасынан 9-шы орынға ие болды. Татьяна мен
Ирина ақтық сында қытайлық Ху Жен мен Жанг Хи Чнға (Xue Chen-Zhang XI CHN) 2-0 (21-13, 21-7) есебімен есе жіберді. Үшінші орын үшін болған сында жапондықтар тайландық құрдастарынан (2-1) басым түсті. Ал ерлер арасындағы сайыста 26 жұптың арасынан Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко - төртінші, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов бесінші орынға табан тіреді. Онда 1-ші орынды индонезиялық Анди-Коко жұбын 2-0 есебімен ұтқан қытайлық Ву Пенгген мен Ху Линиан (Wu Penggen-Xu Linyin) иеленді. Олардың жерлестері Гао Пенг пен Ли Жинан (Gao Peng-Li Jian) да үшінші орын үшін болған сайыста Алексей мен Александрдан 2:1 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды.