Қазақстандық жағажай волейболшылары «Гранд Слэма» Әлемдік турының «Paf Open» кезеңінде 1/8 финалға дейін жетті

28 тамыз күні басталған бұл байрақты бәсеке 2 қыркүйек күні аяқталады. Онда ел намысын бұл жолы Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова жұбы қорғаған болатын. Олар дәрежелік кезеңде латвиялықтарды (2:0), негізгі турдың бірінші раундында чехиялықтарды (2:1) ұтып, екінші раундында бразилияқтарға 1:2, бельгиялықтарға 0:2 есебімен ұтылып, 1/8 финалға шығу мүмкіндігін қолдан шығарып алды. Соның нәтижесінде негізгі кестеге енген 24 команданың арасында 17-інші орынды иеленді. Бұған дейін олар «Bejing Grand Slam», «smart Grand Slam Berlin 2012», «A1 Grand Slam presented by ERGO», «Mazury Orlen Grand Slam» кезеңдік жарыстарында дәрежелік раундтарда сүрініп, 33 орынды қанағат тұтып келген болатын.