Қазақстандық жағажай волейболшылары «Ханом Оупен» Азиялық турының жартылай финалына шықты

9 сәуір күні «Қазақстан-1» командалары (Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова) екі кездесуден өткізіп, оның бәрін өз пайдаларына шешті. «Қазақстан-2» командаларынан Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов 3 кездесу өткізіп, оның біреуінде жеңілістің ащы дәмін татса, Бақтыгүл Самалықова мен Любовь Богату 1 ғана ойын өткізіп, онда қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.

Бүгін жартылай финалда Бақтыгүл мен Любовь тайпейліктермен, Татьяна мен Ирина тайландықтардың бірінші командасымен сынға түседі. Алексей мен Александр жаңа зеландиялықтардың бірінші командасымен, Дмитрий мен Алексей малайзиялықтармен шеберлік байқасады.