Қазақстандық жағажай волейболшылары «Moscow Grand Slam» жарысында жеңіліп қалды


Бұл туралы sports.kz жазады.

Бұған дейін Австралия жұбын ұтқан Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова келесі ойында канадалық жұптан 0:2 (17:21, 15:21) есебімен жеңілді. Ерлер арасындағы ойында Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов ресейлік Богатов/Худяков жұбынан ұтылды. Кездесу 0:2 (17:21, 17:21) есебімен аяқталды.

Тағы бір қазақстандық ерлер жұбы Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко F тобына түсті. Онда сонымен бірге бір норвегиялық және екі американдық жұптар бар. Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да Алексей мен Александр норвегиялық спортшылар Хоррем/Эйтхунмен ойнайды. Ал мамырдың 28-де Америка спортшылары Хайден/Бурне және Паттерсон/Гиббпен кездесулер өтеді. Ойындарды өткізу уақыты әзірге белгіленген жоқ.