Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы Азиялық турдың екінші кезеңіне өтті


Қазір ерлер командалары екінші кезеңнің сайыстарын аяқтады. Онда «Қазақстан-1» мен «Жаңа Зеландия-2» командасы, «Қазақстан-2» мен «Малайзия-1» командалары арасындағы ойындар 2:0 есебімен аяқталды. Қарсыластарын Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко және Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы 2:0 есебімен ұтты. Енді ширек финалға шығу үшін әйелдер арасындағы екінші кезеңде Қазақстанның бірінші (Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова) және екінші (Бақтыгүл Самалықова мен Марина Пилипенко) командалары Қытай мен Жапонияның екінші құрамымен сынға түседі.