Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы турнирді сәтті бастады

Бейсенбіге дейін созылатын бұл байрақты бәсекеде ел намысын ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов, әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова, Бақтыгүл Самалықова мен Любовь Богату қорғауда. Алғашқы кездесуде Денис Ровкин жаттықтыратын ұлттық құрамадағы «Қазақстан-1» жұбы жапондықтарды 2:0 (21:14,21:18) есебімен тізе бүктірді. Ал Василий Кушталов баптайтын әйелдер құрамасының «Қазақстан-2» жұбы жарыс қожайындарынан 2:1 (21-18, 19-21, 16-14) есебімен басым түсті.

Былтыр бұл жарыста қазақстандық жігіттер 1-2 орындарды өзара бөліскен болатын. Ал әйелдер арасында «Қазақстан-1» жұбы ақтық сында жарыс қожайындарына есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты.