Қазақстандық жағажай волейболшылары "Үлкен дулыға" Әлемдік турының Австриядағы кезеңін сәтті бастады


Маусымның 28-і күні жалауын көтерген бұл жарыстың жүлде қоры 300 мың АҚШ долларын құрайды. Онда ел намысын Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы қорғап жатыр. Олар кеше бірінші раунда канадалық, ал екінші раундта португалиялық спортшыларды 24:22, 15:21, 19:17 және 21:19, 16:21, 15:8 есептерімен ұтты. Бүгін қазақстандықтар енді Қытай мен Нидерланды, ал 30-ы күні Латвия волейболшыларымен сайысатын болады.