Қазақстандық және Еуропалық бизнесмендер Венгрияда бас қосып өзара ынтымақтастықтың келешегі туралы талқылауда

Бас қосу қазақстандық және еуропалық іскерлік өкілдерінің экономиканың әр саласында өзара қарым-қатынастар орнатуы үшін ұйымдастырылды. Бұл орайда құрылыс, көлік және коммуникация, фармацевтика және агроөнеркәсіп саласына басымдық беріліп отыр.

Бизнес-форумның бағдарламасына сәйкес онда Қазақстан Республикасының Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елшісі Сағынбек Тұрсынов, сыртқы істер министрінің орынбасары Вадим Зверьков, көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары Юрий Лавриненко, индустрия және сауда министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Арынов сынды ресми өкілдер баяндама жасайды деп жоспарланған.
Шара барысында сондай-ақ, еліміздің бизнесмендері Венгриялық компанияларды аралап, болашақ әріптестерімен келіссөздер жүргізеді.
Форумға Венгрия, Чехия, Болгария, Румыния, Словакия, Германия, Австрия, Франция және Италиялық кәсіпкерлер қатысуда.