Қазақстандық және Қытайлық кәсіпкерлер бірқатар келісім-шартқа қол қойды

Атап айтсақ, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы мен "Алашанькоу XINK" компаниясы ниет меморандумына қол қойса, Алматыдағы "Теда" ЖШС мен ҚХР Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағының Шихэцзэ қалалық целлюлоза-қағаз комбинаты бірлескен өндіріс құру туралы келісімге, "Тянь-Шань" халықаралық құрылыс компаниясы мен "Джушень" (Дален) компаниялары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Алдын-ала бағаға сәйкес, қол қойылған келісім-шарттарының құны 300 млн. доллардан асады, деп мәлімдеді ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұлов. Оның айтуынша, "бизнес-форум барысында бұдан басқа да бірнеше құжаттарға қол қойылуы мүмкін".