Қазақстандық жасөспірім Аргентинада күміс жеңіп алды

«Бұл медальдің мен үшін маңызы зор. Бүгінгі көрсеткен өнеріме ризамын және бәрін ойдағыдай орындадым деп ойлаймын», - деді ол жарыстан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімдер арасындағы чемпионат 17-21-қараша аралығында Буэнос-Айрес қаласында өткен.
Желтоқсан айының соңында қазақстандық бес сайысшылар Алматыда өтетін Қазақстан кубогында бас қосады.