Қазақстандық жауынгерлер әскери техникалар сайысына қатысып жатыр

Мынау – еліміз жауынгерлерінің соңғы әзірліктері. Әскерилер Аягөздегі полигонда Ресей жеріне аттанар алдында осылай қызу дайындықтарын пысықтады. Әзірге мына 12 танкшінің ішінен тек біреуі ғана үздік келеді. Ақтаудағы теңіз әскерінің жауынгері Сағи Батырханов – Қазақстан атынан барған экипаж мүшесі. Бұл сайыста елге жеңіс әкелеміз деп сендіріп отыр.

Сағи Батырханов, рота командирі:

-Егер әркім өз ісін жақсы білсе, нәтиже болады. Қарсыластарымызды да құрметтейміз. Бірақ жүлделі орыннан үмітіміз бар.

Бұл жолғы сайыста еліміз танкшілерінің барынша тер төгулеріне тура келеді. Өйткені чемпионатқа ерекшеліктер енгізілген. Мысалы, биыл  Ресей полигондағы жолдарды күрделендірген. Тіпті жолдың қашықтығын  да 21 шақырымға ұзартқан. Сондай-ақ, танктердің түрлі қимылдар жасауына қажет қыраттар мен әскеори техникаға қарсы бөгеттер қосылған. Экипаж үшін ең қиыны мынадай көтерілген шаң болуы мүмкін. Мұндайда қырағылық керек. Егер экипаж белгіленген бағдардан ауытқып кетсе, айып секундтары қосылады.


Тұрдалы Тұрғынбаев, танк бригадасының командирі:

-Танкке нағыз жігіттер ғана отырады. Әрине , оған машықтану, оны жүргізу білу оңай іс емес. Қиындықты жеңе білу керек. Сондықтан, біз бар қиындықты артта қалыдарымз деп сенемін.

Жалпы, танк биатлоны – жәй сайыс қана емес, онда әскери техника тізгінінде отырғандардың қазіргі заманғы ұрысқа дайындығы тексеріледі. Биыл өз әскерінің дайындығын әлемнің 12 мемлекеті көрсетеді. Айта кету керек, онда Кувейт пен Қытайдан басқа елдің  сарбаздары Ресейдің Т 72 Б деген танкісіне  отырады. Ал биылғы командалар арасында НАТО өз жауынгерлерін қатыстырмау жөнінде шешім қабылдапты.