Оған 20-дан астам елден ұсынылған 168 автордың шығармалары арасынан 28 қатысушы финалға іріктеліп алынды. Оның нәтижесі бойынша қазақстандық жазушы, халықаралық ПЕН-клубтың мүшесі Дурням Машурованың «Ана өсиеті» романы кітаптың аудармасы үшін 1-ші және безендірілуі үшін 3-ші жүлделі орындарға ие болды. Бұл кітап 2009 жылы ұйғыр тілінде «Жазушы» баспасынан шыққан болатын, 2010 жылы орыс тіліне аударылды.
Кітап АҚШ-та, Түркияда және Қазақстанда ойдағыдай таныстырылып, жұртшылық тарапынан жақсы баға алғаннан кейін Ұлыбритания мен Еуропа елдерінің оқырмандарына ұсынылды. Қазір бұл кітап ағылшын тіліне аударылуда.
Роман өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап бүгінгі заманға дейінгі тарихи оқиғалармен шендестіріліп, Орта Азия әйелдерінің тауқыметті өмірін баяндайтын отбасылық хикаят.
Д.Машурованың «Ана өсиеті» романы мәдени мұраны сақтауға, ата-баба әруағын құрметтеуге және қандай қиыншылық болса да адам болып қалуға үндейді.
Д.Машурова - көп жылдар бойы Талдықорған облысының Алакөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған көрнекті мемлекет қайраткері Азат Машуровтың зайыбы. Бұдан бұрын жұбайының жарқын өміріне арнаған «Өмір текке өткен жоқ» деп аталатын деректі новелласы жарық көрген болатын. Ол "Дервиши" тобы мен Нұрбүбі Нәметованың орындауындағы әндерге сөз жазды. Машурованың очерктері республикалық «Уйгур авази» газетінде жиі жарияланып тұрады.