Қазақстандық жеңіл атлет Кореядағы әлем чемпионатында күміс медальға қол жеткізді

«Ольга Рыпакованың үш аттап секіруден көрсеткен нәтижесі 14 м 89 см», - делінген жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының ресми сайтындағы ақпаратта.

Алтын алқа украиналық 14 м 94 см –ге секірген Ольга Саладухада кетті. Қола колумбиялық Катарин Ибаргенге (Caterine Ibargüén) бұйырды, оның нәтижесі - 14 м 84 см.

Жеңіл атлетикадан 13 әлем чемпионаты 27 тамыз бен 4 қырқүйек аралығында Тэгу қаласында (Корея Республикасы) өтіп жатыр.