Лондон Олимпиадасының чемпионы бірінші мүмкіндігін пайдаланбады, алайда екіншісінде 14,45 метрге секіріп бірінші болды. Үшінші секіру одан да табысты болды - О.Рыпакова 14.68 метрге ұшты. Төртінші мүмкіндікте 27 жасар қазақстандық спортшы 14,56 метрге секірді, қалған екеуін пайдаланбады.
Қорытындысында оның қарсыластарының ешқайсысы 14,45 метрге де секіре алмады. Бұл нәтижеге украиналық Ольга Саладуха жақын болды, 14,42 метрге секірген ол екінші атанды. Үшінші орын 14,39 метрге секірген ресейлік Татьяна Лебедеваның еншісінде.
«Гауһар лигасының» 11-ші кезеңінің жеңімпазы жарыс рейтингісінде бірінші орыннан көрінетінін атап өтейік.
Естеріңізге сала кетейік, О.Рыпакова 2012 жылғы Олимпиада ойындарында 14,98 метрге секіріп чемпион атанды.