Қазақстандық жігіттер су добынан Азия чемпионатында Жапония құрамасынан басым түсті

Бұған дейін олар Қытай спортшыларынан да (8:7) басым түскен еді. Қазақстандық спортшылар ертең ақтық кездесулерін Кувейт командасымен өткізеді.

ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігі ҚР Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымовтың айтуынша, Лондондағы жазғы Олмпиада ойындарының 64-інші жолдамасы «қалтада» дей беруге болады. Бұған дейін Қытай мен Жапонияға ойсырай ұтылған Кувейт спортшыларын ұтуға ұлттық құраманың мүмкіндігі жеткілікті.