Қазақстандық жоғары оқу орындары құжат қабылдауды бастады

13-20 шілдеде білім беру гранттарының конкурсына өтініш қабылдау өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

ЖОО-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), №075/у нысанындағы медициналық анықтама, ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек.


Сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.