Қазақстандық жүк жөнелтушілері РФ ішкі тарифтерінің арқасында ақша үнемдейтін болды


Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады.
«Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстаннан теміржолмен Ресей теңіз порттары арқылы транзиттік жүк жөнелту барысында Ресейдің ішкі тарифтері қолданыла бастады. Бұл транзиттік тарифтен едәуір төмен. Биылғы жылы Қазақстаннан жүк жөнелтушілер шамамен 250 млн доллар қаражатын үнемдейді», - деді ол сәрсенбі күні Астанада өткен брифингте.