Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Азия ойындарында жаңа рекорд орнатты

Д.Баландин 200 метр қашықтықты брасс түрінде 2:07,67 уақыт ішінде жүзіп, жарыстардың жаңа рекордын орнатты. Күміс пен қоланы Жапония спортшылары Кадзуки Кохината және Ясухиро Косеки алды, делінген жарыстың сайтында.

Арқамен жүзу жарысында 50 метрге жүзуде әйелдер арасында күмісті Екатерина Руденко жеңіп алды.

Қазақстанның жалпы қоржынында 4 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль бар. Қазақстан жалпы медальдық есепте 22 медальмен 4-ші орынға шығып, көшбасшылардың бестігіне енді.


Азиада Инчхонде 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтуде. Қазақстан атынан жарысқа спорттың 39 түріне 420 спортшы қатысуда.