"Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне келген кесапаттың ауқымын әсіресе дәгерлер қауымы жан-тәнімен сезініп отыр. Табиғи апаттың өзінен гөрі оның жұқпалы және паразитті індеттер түріндегі залал-зардабы тіптен қатерлі және оны жоюға ұлығаусар қаржы талап етіледі",- деп пайымдайды қоғамдық жәрдем туралы бастама иелері.
Т.Шармановтың айтуынша, қайырымдылық шотқа түсетін қаржыны басқару үшін қоғамдық көмек қорын құру көзделген. "Қордың құрылымы мен ақшаны тарату барысы мейлінше ашық болады. Оның үстіне қайырымдылық мақсат үшін қоғамдық қаржы жинау тұрғысында біздің тәжірибеміз жеткілікті",- деді ол.
Әзірге қор заңдық тұрғыда тіркелмегендіктен арнаулы есепшот К.Ормантаевтың атына ашылды.