Еске сала кетейік, фильм жолы болмай жүрген ботаник Иванды (ресейлік актер Алексей Чадов) өзіне ғашық етпек болған дәулетті отбасынан шыққан Әсел туралы баяндайды.
Алғашқы кинофестиваль 1993 жылы өтті. «Любовь – это сумасшествие»формуласы – болгар киносының алғашқы жылдары түсірілген болгар режиссерының фильмінің атауы.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Варна фестивалінің аясында арнайы қазақстандық панорама ұйымдастырылады. «Қазақфильм» киностудиясында соңғы жылдары түсірілген фильмдер: Фархат Шәріповтың «Сказ о розовом зайце», Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», Қанағат Мұстафиннің «Рывок», Қуат Ахметовтың «Сіз кімсіз, К мырза?», Сәбит Құрманбековтың «Секер» фильмдері көрсетіледі», - делінген ақпаратта.
Кинофестиваль Болгарияның Варна қаласында 26 тамыз бен 1 қырқүйек аралығында өтеді.