Қазақстандықтар 2016 жылдан бастап электронды денсаулық паспорттарына ие болмақ

  Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің электронды денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті директоры Светлана Шубина мәлім етті.

«2016 жылдан бастап Қазақстанда электронды денсаулық паспорты жобасы енгізіле бастайды. Онда әр адамның денсаулығы туралы жиынтық мәлімет жинақталады», - деді ол дүйсенбі күні «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялар: табыстар мен қауіп-қатерлер» атты халықаралық конференцияда.

«Электронды паспорт электронды денсаулық сақтаудың орталық элементіне айналуы тиіс», - деп атап өтті ол.

Денсаулық паспортында пациент туралы демографиялық және биометриялық мәліметтер, оның бұрынғы-соңғы сырқаттары, аллергологиялықұ және иммундық статусы көрсетіледі.


Біртұтас ақпараттық жүйеге қосылған медицина орталықтары клиент туралы ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие болмақ.

Әр пациент өзінің «жеке кабинеті» арқылы денсаулық жағдайымен танысып, дәрігерге бару туралы хабарламаларды ала алады, скринингтен немесе профилактикалық процедуралардан өтеді.