«Нарықтық жағдайда азаматтардың баспаналы болуы - табысы мен өз күшімен баспана алу қабілетіне байланысты. Менің тапсырмам аясында азаматтардың зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін алуына жағдай жасау мәселесі айтылған. Бұл әлі де өзекті. Сондықтан 2021 жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақша салып отырған 700 мыңнан аса азамат баспана алуға, емделуге немесе қаржы компанияларына беру үшін ондағы қаражатының бір бөлігін ала алады», - деді тиісті органдарға тапсырма берген Тоқаев.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар меншігіндегі мүлік жыл соңына дейін салықтан босатылатынын айтты.