Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты 872 955 теңге.

"2021 жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алған", - делінген хабарламада.

2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп қаражат жұмсаған алматылықтар - 2,2 миллиард теңге сомасына 6882 нөмір. Екінші орында Шымкент автокөлік иелері - 818 миллион теңге сомасына 3190 нөмір, ал үштіктің соңында Нұр-Сұлтан - 667 миллион теңгеге 2231 нөмір.

2021 жылы автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастаған, ол кезде 3,9 миллиард теңгеге 12 616 нөмір алынған болатын.