Биыл халықаралық әйелдер күні 8 наурыз сенбі күніне сәйкес келеді. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңда ұлттық мереке демалыс күні деп жарияланған. Ал демалыс күні мен мереке күні сәйкес келген жағдайда демалыс күні мереке күнінен кейінгі жұмыс күні деп көрсетілген. Сәйкесінше, биыл қазақстандықтар 8,9 және 10 наурыз күндері демала алады.