Бұл туралы Әділет министрлігінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.
Тағы жиі қойылатын есімдердің қатарында Бауыржан есімі бар. 633 балаға Бауыржан есімі беріліпті. Сондай-ақ, елімізде соңғы он жылда 371 балаға Байбек есімі қойылған. Олардың 42-сі осы жылдың басынан бері санағанда.
Мұнымен қатар, қазақстандықтар Иманғали есімін жиі қоятын болып шықты. 2,5 жылда елімізде осындай есіммен 612 сәби дүниеге келген екен.
Әділет министрлігінің мәліметінше, соңғы 2,5 жылда Ахметжан есімі 109 сәбиге, Арыстан - 62, Тәңірберген - 84 сәбиге берілген. Қасым-Жомарт есімді бес ұл бар екен. Сондай-ақ, Қазақстанда соңғы 2,5 жылда Қуандық есімінің де жиі қойылатыны айтылады.
Ал, ең сирек қойылатын есімдердің тізімінде Қалмұханбет, Бердібек және Ғабидулла бар екен. Соңғы 2,5 жылда елімізде тек бір сәбиге Қалмұханбет есімі беріліпті. Ал Ғабидулла есімімен елімізде 17 бала бар.
Оқи отырыңыз:
Зағипа Балиева қызметінен босауына қатысты пікір білдірді
"Өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын, бәрі артта қалды" - Ерке Есмахан