Қазақстандықтар бір жылда 73 мың тонна жылқы етін және 206 мың тонна шошқа етін жейді – қаржы вице-министрі

«Қазақстандықтар бір жылда 73 мың тонна жылқы етін және 206 мың тонна шошқа етін жейді», -деп жазыпты Р. Даленов бейсенбі күні өз блогында 2011 жылғы статистикалық жинаққа сілтеме жасап.

Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанда 6,2 млн бас ірі қара мал, Ресей Федерациясында (РФ) – 20 млн, Беларусьта 4,2 млн бас ірі қара мал бар екенін жазыпты. Қазақстандағы шошқа саны - 1,3 млн, РФ-да – 17,2, Беларусьта – 3,9 млн бас.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2015 жылы РФ-ға ірі қара мал етін жеткізу көлемін жылына 60 мың тоннаға дейін арттырмақ. 2011 жылы Қазақстанның ірі қара мал етін РФ-ға экспорттау әлеуеті 2 мың тоннаны құрады.