Грек-рим күресінен жарыстарда Нұрмахан Тінәлиев 120 килодан астам салмақ дәрежесінде алтын жеңіп алды. Мәрелік бәсекеде ол 3:0 есебімен қытайлық балуанды жеңді.
Қазақстанның регбиден әйелдер құрамасы да алтын жүлдеге ие болды. Финалда біздің спортшылар қытайлық командадан 17:14 есебімен басым түсті.
Жеңіл атлетикадан сайыстарда біздің спортшылар құраманың қоржынына күміс пен екі қола жүлде әкелді. Ольга Рыпакова ұзындыққа секіруде күміс жүлдеге ие болды. Сергей Цыкунков биіктікке секіруде, ал әйелдер құрамасы бессайыста қола медальдарға ие болды. Дәурен Жұмағазиев еркін күрестен 60 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қанжығасына байлап қайтты.
Медаль саны бойынша Қазақстан 7 орында тұр. Құраманың активінде 47 награда бар, олар: жеті алтын, 14 күміс пен 26 қола медаль.