Қазақстанда азаматтар емхананы өздері таңдап, интернет арқылы оған тіркеле алады.
Тіркелуді электрондық үкімет сайтында (www.egov.kz) жүргізуге болады, осы сайт арқылы басқа емханадан тіркеуден шығуға болады, деп Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Халықты емханаға бекіту үшін мекенжай бойынша тіркеудің (прописка) болуы қажет емес», - деп Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Төлеғалиева Ажар бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Оның мәліметі бойынша, халықты емханаға бекіту науқаны интернет арқылы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жалғасады.
Тіркелу кезеңінде елден тыс кететін азаматтар алғашқы санитарлық көмек көрсететін ұйымға 2013 жылдың 15 қыркүйегіне дейін бекітілуі тиіс.