Қазақстандықтар мамыр айында “KEGOC” бойынша алғашқы кірістерін алады

Соңғы 4 күнде сатылым көлемі 160 млн теңгеден асып түскен. Ал осы жылдың мамыр айында компанияның алғашқы акционерлері өз дивидендтерін алады.

“Халық IPO” бағдарламасының екінші кезеңі былтыр басталған еді. Енді осы жылдың мамыр айында компанияның алғашқы акционерлері өз дивидендтерін алады. Ал құнды қағаздан қаржы табам деушілер тарапынан 42 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл ұлттық валютаға шаққанда 16 жарым миллиард теңгеден асып жығылады. Осылайша, сұраныс көлемі 27 пайызға артып отыр.

«Желтоқсан айынан бастап-ақ, екінші сатылымда «KEGOC» барлық компаниялардың алдын орап әкетті. Бұл таңқаларлық дүние емес. Өйткені, акция сатып алушы инвесторлар саны тым көп болды. Шашамен «ҚазТрансОйл» компаниясынан «KEGOC» көздегендер саны 10 мыңға артық», – деді «Қазақстандық қор биржасы» АҚ вице-президенті Андрей ЦАЛЮК.

Қазақстан қор биржасында «KEGOC» акциялары өтімділігі жағынан бірінші орында келеді. Соңғы төрт күнде сатылым көлемі 160 млн. теңгеден асып түскен. Ал бір айда оның көлемі 1 млрд 2 миллион теңгені құрады.


Ұлттық компаниядан акционер екі жолмен пайда таба алады. Алғашқысы, сатылым акциясының бағасы негізгі құнынан артқан жағдайда, екіншісі-дивиденд алғанда. Ал дәстүрлі түрде жыл сайын компания түскен пайданың 40 пайыз қаражатын акционерлерге үлестіріп береді.