Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Көбінесе аурудың туыстары донор болады екен. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін ереже бойынша кез-келген азамат өз еркімен өлгеннен соң өз ағза мүшесін қалдыра алады. Бірақ интернеттегі арнайы сайттар арқылы ірі сомаға бір бүйрегін беруге дайын донорларды табуға болады. Тіпті бауырын да беретіндер бар. Бұлайша орган ауыстыруға елімізде заңмен тыйым салынған.

Телеарна тілшісі телефон арқылы осындай бір донордан орган сатып алуға тырысып көрген.

“Бәрі дұрыс. Анализдерім дайын тұр. Тек қолымда емес, барлығын дәрігерге бергенмін. Дәрігер: “Мен саған дұрыс клиент тауып беремін” деді. Сосын мен оған барлық құжаттарымды бергенмін. Дәрігер емханада. Бізде ауруханада. Өйткені мен өзім таба алмадым. Банкпен проблема болып қалды. Ақшаны алдым, енді қазір несиемді қайтара алатын емеспін. Бұл үшін маған ақша керек”, – дейді сөйлесуші.

Мамандардың пікірінше Қазақстанда донорлық мәселесін тек өлгеннен кейінгі донорлыққа ауыстыру арқылы шешуге болады.


“2015 жылы 18 мамырда 360-нөмірмен бұйрық шыққан. Ол азаматтардың өлгеннен кейін донор болуға еріктілігін қарастырады. Әрбір еңбекке жарамды азамат мұны жүзеге асыра алады. Бұл үшін тұрғылықты жері бойынша емхана тауып, арнайы өтініш қағазын толтыруы тиіс. Осыдан соң ол өлгеннен соң донор бола алады деген анықтама беріледі”, – дейді Республикалық трансплантация бойынша үйлестіру орталығы директорының орынбасары Серік Жәріков.

Әзірге өлгеннен соң донор болуға ерік білдіргендер өте аз. Көбісі себебін түсіндірместен бұдан бас тартуда. Ал біразы қайғылы жағдай орын алса, дәрігерлер жағдайына қарамастан органдарды алып алуға тырысуы мүмкін деп қорқады. Дәрігерлер болса, мұндай пікір ақпарат дұрыс жеткізілмегендіктен таралып отыр дейді.

Мәселен, жыл басында Павлодарда екі адам бас миы диагнозы бойынша қайтыс болған. Туыстары олардың органдарына алуға келісім беріпті. Нәтижесінде алты адамның өмірін аман сақтап қалған.