Қазақстандықтар онлайн режімінде Канадаға виза алуға өтініш бере алады


Бұл туралы Канаданың Астанадағы елшілігі мәлімдеді.
Қазіргі кезде қазақстандық азаматтар үшін Канадағы визаға өтініш берудің бірнеше әдісі бар. Онлайн-өтініш толтыру нұсқасы Қазақстанның барлық тұрғындары үшін қолжетімді.
Осылайша, өтініш берушілер онлайн өтініш бере алады және канадалық виза бөліміне жіберу қажеттігі туралы хат-хабар алғанға дейін төлқұүжат өзінде болады. Өтініш берушілер Алматыдағы виза орталығына өтініш бере алады немесе курьер арқылы беріп жібере алады.
Канадаға виза тек визалық бөлімде ғана емес, басқа канадалық виза бөлімдерде де басып шығарылады.