Қазақстандықтар пандемия кезінде қай елдерге ұша алады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

 Қазіргі таңда Қазақстаннан 13 елге халықаралық әуе рейстері орындалады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ведомствоның ақпаратынша, аптасына он үш елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейсі жасалады.

  • Түркия – аптасына 12 рейс;
  • БАӘ – аптасына 31 рейс;
  • Өзбекстан – аптасына 22 рейс;
  • Ресей – аптасына 10 рейс;
  • Қырғызстан – аптасына 7 рейс;
  • Беларусь – аптасына 4 рейс;
  • Украина – аптасына 4 рейс;

  • Германия – аптасына 9 рейс;
  • Грузия – аптасына 9 рейс;
  • Тәжікстан – аптасына 2 рейс;
  • Оңтүстік Корея – аптасына 2 рейс;
  • Египет – аптасына 2 чартерлік рейс;
  • Мальдив аралдары – аптасына 3 рейс.

Бұған дейін Қазақстан бес ел – Черногория, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашатыны және ұлғайтатыны хабарланды.