Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәліктерін екі күннің ішінде рәсімдей алады

Қаулы мәтінінде атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куəландыратын Құжат ресімделген жəне оларды жеделдетілген түрде бергені үшін төлем төленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында), төрт жұмыс күн ішінде (облыс орталықтарында) жеделдетілген тəртіппен беріледі.

Жеке тұлғаның қалауы бойынша шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куəлігі ресімделген күннен бастап жеті, он жəне он бес жұмыс күні ішінде жеделдетілген тəртіппен беріледі.


Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң (25 тамызда) қолданысқа енгізіледі.