Қазақстандықтар қарызын өтемесе де ұшақпен сапарға шыға алатын болды

“Азаматтарға арналған үкімет” басшысы Абылайхан Оспановтың айтуынша, енді қазақстандықтар кедендік бақылау мәселесінен қиналмайды. Кез-келген айыппұлды бірнеше күннен соң онлайн арқылы төлеп тастауға болады.


Шекарашыларға түбіртекті көрсету арқылы, жолаушылар сапарларын жалғастыра алады. Мемлекеттік корпорация жаңа төлем жүйесін әділет министрлігі және “Қазпочтамен” бірігіп дайындап жатыр.