Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады?

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

"Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" заңға сәйкес, 6 шілдеде елімізде Астана күні тойланады. Биыл ресми мереке жұма күніне түсіп тұр. Осылайша, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады - 6,7 және 8 шілде.

Ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 6 және 8 шілде ғана демалады. 7 шілде жұмыс күні болады.