Бүгін Интернет желісі арқылы таратылған жолдауда былай делінген : "бүгін кешке үйлеріңіздің терезелерінен шам жағып, Бесланда қаза тапқан балалар мен олардың ата-аналары үшін дұға оқыңыздар. Олардың орнында өз балаларымыздың да болуы мүмкін еді".
Таяуда осындай шара Италияда өтті.
Дүниежүзіндегі Ресей елшіліктеріне ағылған адамдар гүл шоқтарын әкеліп, шырақтар жағуда.
Ертең Украинада Солтүстік Осетиядағы лаңкестік әрекет құрбандарының құрметіне бін минут үнсіздік жарияланады. Киев уақыты бойынша тал түсте осындағы бүкіл мекемелер мен ұйымдар жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ, қоғамдық және жеке көліктердің қозғалысы жаппай тоқтатылып, жүргізушілер бір минутқа көлік дабылын іске қосады.