Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні қалай демалады?

2023 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 11 күн демалады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тойлайды. Мереке сенбіге сәйкес келгендіктен демалыс күні 18 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 16-18 желтоқсан аралығында, яғни үш күн қатарынан демалады. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 16 және 17 желтоқсанда ғана болады.