Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты төрт күн демалады

Қазақстанның тәуелсіздік күні жалғыз ұлттық мереке болып табылады. Қазақстан заңнамаларына сәйкес Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан болып жарияланған, және де бұл мереке екі күн, яғни 16 және 17 желтоқсанда тойланады.

"Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады. Сондықтан да, үстіміздегі жылы қазақстандықтар 16, 17, 18 және 19 желтоқсан, яғни сенбі, жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері демалатын болады.

Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік мейрам болып саналатын Жаңа жыл мерекесінде да қазақстандықтар төрт күн демалады, яғни 30 және 31 желтоқсан сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келсе, келесі 1 және 2 қаңтар жаңа жыл мерекесі болып табылады.

Жуықта аталып өтетін Құрбан айт пен православиелік Рождество мерекелерінің бірінші күндері жексенбі, яғни 31 желтоқсан мен 7 қаңтар күндеріне дөп келеді. Бұл екі мереке де "ҚР еңбек туралы" заңында демалыс күндері деп танылғандықтан Құрбан айт пен православиелік Рождествоны тойлауға байланысты қосымша демалыс күндері берілмейтін болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті