«Біздің ескекшілердің активінде 7 алтын медаль мен Лондондағы Олимпиада ойындарына 2 жолдама бар. Командалық есепте Қазақстан құрамасы ирандықтар мен қытайлықтарға ғана есе жіберіп, үшінші орын алды», - делінген ақпаратта.
Басылымның атап көрсетуінше, Гуанчжоудағы Азия ойындарында біздің ескекшілеріміздің қолы алтынға жетпей қалған.
«Біз бұл жарысқа мақсатты түрде дайындалдық, өйткені Теһранда медальдардан басқа, олимпиадаға жолдамалар да сарапқа салынды», - деп мәлім еткен Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Денис Жарменовтың сөзін жариялайды газет.
«Бізде әлем чемпионатында Наталья Сергеева жеңіп алған бір жолдама болатын. Енді Лондонға екі кісілік байдаркамен Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев және каноэші Александр Дядьчукта барады.
«Биылғы жылы үш олимпиадалық жолдама жеңіп алу бойынша алдымызға қойған міндетімізге қол жеткіздік. Ал оған қоса, қоржынымызға салған жеті алтын алқамыз алдағы жеңістерге ынталандырады деп ойлаймын», - дейді жаттықтырушы.