Қазақстандықтар тұңғыш рет «Канн арыстандары» халықаралық фестиваліне қатысып қайтты

Фестивальдің Қазақстандағы ресми өкілі Асхат Үскембаевтың айтуынша, қатысушыларының саны жағынан биыл рекордтық көрсеткіш тіркелген. Бұл шараға 34 мыңнан астам жұмыспен 87 елден 12 мыңнан астам делегат қатысқан. Олардың 15-і - қазақстандықтар. Оған TBWA CA&C жарнама агенттігі 18 жұмысын ұсынған.

Ал алдағы бұл фестивальда «Қазақстанның жас арыстаны» ұлттық байқауының жеңімпазы ел намысын қорғайтын болады. «Биылғы «Кан арыстандарына» ұсынылған 34 301 жұмыстың 1 028-і жүлделі болды. Әзірге оның ішінде Қазақстаннан бірде -бір жұмыс жоқ», - дейді А. Үскембаев.