Қазақстандықтар үшін 1-4 қаңтар аралығы демалыс күндері болады. Дүйсенбі, 5 қаңтарда жұмыс күні басталады.
Сондай-ақ 7 қаңтарда православ дінінің өкілдері Рождество мерекесін тойлайтындықтан бұл күн қосымша демалыс күні ретінде қарастырылған. Еске сала кетейік, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес Құрбан айт және Рождество діни мейрамдары ресми мерекелерге жатпайды, алайда бұл күндері қазақстандықтар демалады.