Қазақстандықтар жаңа жылға жайылатын дастархан үшін қанша теңге жұмсайды?

Жаңа жылдық дастарханның орташа құны - 49 377 теңгені құрады, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа-порталы.

Көп асүй ханымдарының таңдауы басты тағам ретінде бешбармаққа түсетіндіктен алдымен қазының бағасын білдік. Сөйтсек, бір келінің орташа бағасы - 5090 теңге деп тұр. Сиыр етінің келісі 3500-ден болса, жылқы еті 3900 теңгеден. Етті тек бір келіден алмайтынымыз түсінікті. Ендеше, бұл сомалар еселенеді. Ал, ұнның 2 келісі - 619 теңге. Пияздың келісі - 105 теңге.

"Оливье" салаты:

Пісірілген шұжық - 1477 теңге

Майонез - 705 теңге

Маринадталған қияр - 1099 теңге

Консервіленген бұршақ - 559 теңге


Картоп - 275 теңге

Сәбіз - 160 теңге

Жұмыртқа - 1335 теңге.

Тәттілер:

Торт - 5500 теңге

Кәмпит - 2845 теңге

Жеміс-жидектер:

Мандарин 1 кг - 699 теңге;

Алма 2 кг - 938 теңге;

Апельсин 1 кг - 1405 теңге;

Банан -  512 теңге.

Сусындар: 

Coca-Cola, 2 л - 625 теңге;

Fanta, 1 л - 349 теңге;

Шырын 0,95 л - 565 теңге;

Тіскебасар: 

Шұжық - 1480 теңге

Сыр - 1349 теңге

Алкогольді сусындар:

Шампан - 1796

Сонымен, 4 адамдық шағын отбасылық дастарханның өзіне шамамен 49 377 теңгеге шығындалуға тура келеді.