Қазақстандықтар ресейлік имамның елге келуіне түбегейлі қарсы, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Мәскеуден келген имам Шамиль Аляутдинов әлі де Астанаға келгісі келеді. Имам соғысты қолдайды, бізге қарғыс айтты. Оған алаңды ұсынған қоанақ үй жарайсыңдар", — деп жазды әлеуметтік желіде қазақстандық оқырман Сергей Хван.
Аляутдинов құны 39-дан 79 мың теңгеге дейінгі төрт сағаттық тренинг өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі.
Сергей Хванның жазбасына түсініктемелерде қазақстандықтар тренинг өткізуге қарсы және ұйымдастырушыларды жазалауды талап етуде.