Қазақстандықтардың 2020 жылға қарай электрондық денсаулық төлқұжаты болады

Бұл туралы бейінді ведомство вице-министрі Болат Төкежанов мәлімдеді.

Қазақстандықтар электрондық денсаулық төлқұжатын алып, «науқастың жеке кабинетін» пайдалана алады, деп ол бүгін VII Астаналық экономикалық форум шеіберінде өткен сессияда атап көрсетті.

«Электрондық денсаулық төлқұжаты негізінде науқастың жеке кабинеті құрылмақ. Онда әр адам өз денсаулығы туралы мәлімет, дәрігерге бару, скрининг өту немесе профилактикалық процедура өту қажеттігі туралы мәлімет ала алады», - деп үкімет басшысының сайтындағы хабарламада Б.Төкежановтың сөзі келтірілген.

Оның айтуынша, 2020 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды қалыптастыру автоматты түрде уақтылы, өзекті, шынайы ақпарат алуға, денсаулық сақтау жүйесін, ең алдымен науқастың және дәрігерлік қызметкердің қажеттілігіне бағытталған жүйе құруға мүмкіндік береді.

«Бізге клиникалық шешімдер қабылдауға, дәрігерлік қате жібермеуге, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға көмектесетін ақпарат беруді қамтамасыз ету қажет», дейді ол.


Оның пікірінше, ақпараттық технологиялар әлемінде дәрігер тиісті коммуникация құралдарымен жарақталуы тиіс, қашықтықтан ақыл-кеңес беруге, диагностика жүргізуге және науқастың жағдайын бақылауға өтуге мүмкіндік беретін тиімді бағдарламалық қамсыздандырылуы тиіс.