Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы сауалнама нәтижесіне негіздей отырып "19-қыркүйекте сайлау учаскелеріне келетін сайлаушылар саны 54,4%-тен 60,4% аралығында болуы мүмкін" деген тұжырым жасады.
Сауалнамаға сәйкес, сайлаушылардың дауыс беруге құлықсыздығына әсер етіп отырған басты себептер мыналар көрінеді: сайлаудың пайдалылығына сенбеушілік (7,7%), сайлауға бармауға дағдылану (6,8%), дауыс беру қорытындысының бұрмаланатындығына күдік келтірмеу (5%), өз дауысының пайдасы жоқтығына сенімділік (4,7%), парламентке сенбеу (2,6%), электронды дауыс беруге қарсылық (7,3%), отбасындағы дағдарысты ахуалға байланысты сайлауға барудан саналы түрде бас тарту (1,9%) тәрізді себептер де көрініс берген.
Сайлауға қатысу туралы шешім қабылдауға қандай себеп әсер етер еді деген сауалға бір ұйғарымға келмегендердің 5,4%-і "кандидаттар мен олардың бағдарламасы туралы БАҚ-тардағы ақпарат", 7,4% - "сайлауға қатысуға шақыру әкелсе барамыз", 4,8% - "кандидаттардың теледидар және радио арқылы сөйлеген сөзі ", 4,1% - " кандидаттармен кездесулер", 3,8% - "таныстарым мен тустарымның пікіріне құлақ асамын", 3,2%-і "кандидаттар туралы жарнама" деп жауап берген.
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының басталуы нәтижесінде "сайлауға қатысу, немесе қатыспау туралы түбегейлі шешім қабылдай алмағандар саны анағұрлым азаяды" деп күтуде.