Қазақстандықтардың 70 проценті сайлау туралы жаңа заңның мәтінімен таныс емес

Қауымдастық мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 24,6 проценті ғана биыл наурыз айында қабылданған "Сайлау туралы" жаңа заңның мәтінімен таныс болып шыққан.

Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығының сарапшылары сондай-ақ, Қазақстандағы саяси лидерлердің танымалдық деңгейінің төмендігін анықтады. Бұған қоса тамыздың екінші аптасында еліміздегі көптеген саяси лидерлердің танымалдық рейтингі төмендеп кетті.
Бұрынғыдай, ең танымал саяси лидерлер арасынан "Отан" саяси партиясының жетекшісі, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев (73,3%), "Асар" партиясының төрайымы Дариға Назарбаева (62,8%) мен "Ақ жол" партиясының тең төрағасы Болат Әбілов (29%), Коммунистік партияның жетекшісі Серікболсын Әбділдин (14,9%) мен "Ақ жол" партиясының тағы бір тең төрағасы Әлихан Бәйменов (14%) алда келеді.
Ал халық арасында танымал емес саяси лидерлер тізімінде Халықтық коммунистік партияның лидері Владислав Косарев (3,3%), Аграрлық партияның жетекшісі Ромин Мадинов(2,9%), Демократиялық партияның лидері Мақсұт Нәрікбаев(2,6%) тұр.