Қазақстандықтардың көпшілігі мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу идеясын қолдайды – сауалнама


деп MediaNet баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сауалнамаға қатысқандардың 82%-ы мерзімінен бұрын президенттік сайлауға қатысуға дайын екенін, 11%-ы дауыс беруге бармайтынын, 7%-ы әлі шешім қабылдамағанын айтқан.
Қазақстандықтардың 57%-ы Қазақстан Халқы ассамблеясының мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Респонденттер мұндай қадам соңғы уақыттағы жағымсыз оқиғалар жағдайында Қазақстанда экономикалық, саяси жағдайды тұрақтандырады деп есептейді.
19% респондент сайлау белгіленген мерзім, яғни 2016 жылы өтуі керек деген пікір айтқан. Тағы 13%-ы сайлауға қатысты бейтарап пікірде екендерін айтса, 11%-ы бұл сұраққа жауап бере алмаған.
Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 74%-ы қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевты жақтап дауыс беретіндерін айтқан, ал 6% - қазіргі президенттің саясатын қолдайтын кандидатқа, ал осынша пайызы елді дамытудың балама жолын ұсынатын кандидатқа жақтап дауыс бермек. Респонденттердің 14%-ы бұл сұраққа жауап бере алмаған.
Сауалнамаға Астана, Алматы және еліміздің барлық 14 облыс орталығынан 2081 адам қатысқан.